
Мәулен Әшімбаев: Сенат Президент бастамаларын іске асыруды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз етуге дайын
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алдағы уақытта сайлау бюллетендеріне «бәріне қарсымын» деген жазу енгізілетін болды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Ресейдің Қорғаныс министрлігі: Қарабақтағы бейбіт режимді бұзудың алғашқы дерегі тіркелді
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Таулы Қарабақта әскери қақтығыстар аяқталған және өңірде РФ бітімгерлік операциясы басталған сәттен бері алғаш рет оқ атпау режимі бұзылды. Бұл туралы сенбі күні жарияланған РФ Қорғаныс министрлігінің бюллетенінде хабарланды, деп жазады ҚазАқпарат ТАСС-қа сілтемемен.

Америкадағы президент сайлауы: Бүгін – шешуші күн
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сейсенбінің таңынан АҚШ-та дауыс берушілер сайлау учаскелерінің алдында (көбі таңғы алтыдан ашылған) ұзын-сонар кезекке тұрған. 3 қараша – елдегі президент сайлауының шешуші күні. Алайда дауыс берушілердің көбі, шамамен 100 млн адам, дауыстарын пошта арқылы жолдап алдын ала дауыс беріп қойған, деп хабарлайды euronews.com.

Молдовада президент сайлауы өтті деп санауға болады - ОСК
КИШИНЭУ. МОЛДПРЕС – ҚазАқпарат – Молдовада президент сайлауында жергілікті уақытпен 18:00-ге дейін (Нұр-Сұлтан уақытымен 22:00) 1 миллионнан астам адам немесе сайлаушылардың 40 проценті дауыс берді. Сайлаушыларды үштен бірі дауыс берсе, онда сайлау өтті деп саналады, деп хабарлайды ҚазАқпарат МОЛДПРЕС-ке сілтемемен.

Квебектегі «самурай»: Ер адам екі кісіні қылышпен шауып өлтірді, бесеуі жаралы
КВЕБЕК. EURONEWS – ҚазАқпарат – Квебек орталығында ортағасырлық үлгідегі костюм киген ер кісі адамдарға қылышпен шабуыл жасап, екі адамды жер жастандырды. Тағы бес тұрғын жаралы. Ол қанқұйлы әрекетін Хэллоуин мерекесі кезінде парламент ғимараты маңында жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Ұлыбританияда карантин талабын бұзған адамға 10 мың фунт айыппұл салынбақ
ЛОНДОН. EURONEWS–ҚазАқпарат - Ұлыбритания билігі коронавирус инфекциясы кезінде қойылған шектеулерді бұзғаны үшін салынатын айыппұлды көтерді. Бірінші рет талап бұзғанға 1000 фунт, қайталанса 10 мың фунтқа дейін айыппұл салынбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтемемен.
ары қарай

Мұрағат
Жоғары қарай