Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерболат Досаев: Инфляциялық қысымның негізгі көзі – Ресейдегі ахуал

2021 жылдың 12 қазан 2021 10:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ресейдегі инфляциялық фон Қазақстанға инфляциялық қысым жасап отыр. ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында осындай мәлімет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Маусымдық кезеңде көкөніс бағасының 8,7% және жеміс бағасының 2,4% төмендеуіне қарамастан, Қазақстанда инфляция 8,9% жетіп, қарқынын жалғастырды.

Бір айда ет 1,3%, өсімдік майы 0,6% және қант 1,1% қымбаттап, салдарынан азық-түлік инфляциясы 11,4%-тен 11,5%-ке дейін жеделдеді.

Азық-түлікке жатпайтын инфляцияға келсек, дизель бір айда 3,8%, газ 0,9% және көмір 1,9% қымбаттап, салдарынан мұндағы инфляция 7,3%-тен 7,5%-ке дейін өсті.

Жанар-жағар майдың бұдан былайғы қымбаттауы және дәнді-дақылдар бағасын тұрақтандыруға айтарлықтай тәуекел тудырады», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сондай-ақ, ол Қазақстан ішіндегі инфляцияға Ресейдегі ахуал тікелей әсер етіп отырғанын еске салды.

«Сыртқы инфляцияның, әсіресе Ресей Федерациясы сияқты негізгі сауда әріптес елдерде инфляциялық фонның нашарлауы инфляциялық қысымның қосымша көзі болып табылады.

Мұндай жағдайларда монетарлық емес факторларды тұрақтандыруға бағытталған инфляцияға қарсы ден қою шараларының кешенін тиімді іске асыру 2021 жылы инфляцияны дәліздің жоғарғы шегі 7,5-8,5%-ке қайтаруы тиіс. Ұлттық банк өз тарапынан, сыртқы нарықтар мен ішкі ахуалға жан-жақты талдау жасау негізінде дезинфляциялық ақша-кредит саясатын жүргізуді жалғастырады», - деді Ерболат Досаев.


Жоғары қарай