Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ерболат Досаев Президентке ақша-кредит саясатына қатысты шараларды баяндады

2020 жылдың 19 наурыз 2020 19:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевтың есебін тыңдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Ерболат Досаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа валюта нарығы мен қаржы саласындағы қазіргі ахуал туралы айтты.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның қор биржасындағы «теңге-доллар» саудасы кезінде Франкфурт аукционы әдісін уақытша енгізу, сондай-ақ, қаржылық тұрақтылық пен іскерлік белсенділікті сақтау мақсатында ақша-кредит саясатына қатысты қабылданған шаралар жайында баяндады.

Мемлекет басшысы валюта нарығындағы жағдайды тұрақтандыру үшін Ұлттық банктің, Үкіметтің және ұлттық холдингтердің үйлесімді жұмыс жүргізіп, тиімді шешімдер қабылдауының маңыздылығын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, инфляция деңгейінің өсуіне қарсы жұмыстарға ерекше назар аудару керек.

Кездесу қорытындысы бойынша Президент отандық кәсіпорындарға несие беруге, олардың операциялық қызметін қаржыландыруға қатысты кешенді қолдау шараларын қабылдауды тапсырды.


Жоғары қарай