Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерболат Досаев Ұлттық банк басшылығында не тындырды

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 18:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Апта бастала салып Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі лауазымына тағайындалғаны белгілі болды. ҚазАқпарат тілшісі Ерболат Досаев ҚР Ұлттық банкінің төрағасы қызметін қалай атқарғаны жөнінде шолу жасады.

Айта кетейік, Ерболат Досаев Ұлттық банк төрағасы қызметін 2019 жылдың 25 ақпанынан бастап атқарды. Оған дейін де мемлекеттік құрылымдарда басшылық қызметтерде еңбек етті.

Төтенше жағдай режимі кезінде Ұлттық банк не тындырды?

Ұлттық банк елдегі тәртіпсіздіктер кезінде банкоматтар тоналып, интернет бұғатталғанына қарамастан, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған жедел шараларды қабылдады. 7 қаңтардан бастап бүкіл ел бойынша екінші деңгейдегі банктердің онлайн-сервистеріне қолжетімділік кезең-кезеңімен қалпына келтірілді.

Банк қосымшаларын интернетсіз-ақ жұмыс істейтіндей жағдай туғызды. Алматы қаласы мен Алматы облысында да банктер мен банкоматтар қолма-қол ақшамен қамтамасыз етіліп тұрды. 12 қаңтардан бастап Қазақстан қор биржасының валюталық алаңында сауда-саттық және халықаралық төлемдер мен аударымдарды жүргізу қайта басталды.

Мемлекет басшысы төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты капиталды шетелге шығару, оның ішінде жалған мәмілелер жасасу қаупі артқанын атап өтті. Осыған байланысты Ұлттық банк қаржы мониторингі агенттігімен, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірлесіп, елден заңсыз ақша шығаруды бақылауды күшейту жөнінде бірлескен бұйрық қабылдады. Ол бұйрықа сәйкес операциялық өтінімдер бойынша іс-қимылдар алгоритмі нақтыланып, күшейтілген қаржы мониторингіне жататын трансшекаралық операциялардың тізбесі бекітілді.

Екінші деңгейлі банк активтерінің сапасына тәуелсіз бағалау жүргізу (AQR)

2019 жылғы 1 тамызда Ұлттық банк Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ел тарихында алғаш рет сектор активтерінің 87%-ын және банктердің жалпы несие портфелінің 90%-ын қамтитын 14 ірі қазақстандық банкті толық тексеруді бастады. Қазақстандық банктердің жай-күйін бағалау Еуропалық Орталық банктің әдіснамасына сәйкес жүргізілді. Мұндай тәсіл алынған қорытындыларды шетелдік ұқсас бағдарламалардың нәтижелерімен салыстыру мүмкіндігін берді. AQR нәтижелері, активтердің сапасын арттыру және екінші деңгейдегі банктерді капиталдандыруы бойынша іске асырылған шаралар жүйелік деңгейде де, AQR-ге қатысқан жекелеген банктер деңгейінде де капитал тапшылығы жоқ екенін растады. Яғни, банк салымшыларына алаңдауға негіз жоқ екені дәлелденді. Активтердің сапасын бағалау елдегі банк жүйесінің беріктігі 70%-ға жеткенін көрсетті. AQR өткен әрбір екінші деңгейдегі банк алдағы бірнеше жылға арналған жеке даму жоспарын мақұлдатты. Активтердің сапасын бағалау 2017 жылы қабылданған еліміздің банк секторының қаржылық тұрақтылығын арттыру бағдарламасының қорытынды кезеңі еді.

Президенттің дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыру

Ұлттық банк пандемия кезеңінде Мемлекет басшысының дағдарысқа қарсы бастамаларын іске асыруға белсенді қатысты. Ұлттық банк пандемияның салдарын еңсеруге бағытталған 6,3 трлн теңгенің 2,3 трлн теңгесін індет ең бір өршіп тұрған кездегі терең дағдарыстың бетін қайтаруға тиімді жұмсай білді. Экономика қалпына келгеннен кейін Ұлттық банк ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру үшін жеңілдетілген кредит беру бағдарламаларынан шығады. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық Банк кредиттеудің нарықтық әдістерін дамытуға бет бұрып, бес бағдарламаны қаржыландыруды тоқтатты. Ұлттық Банктің 2020-2021 жылдары жүргізіп отырған бейімделгіш ақша-кредит саясаты Қазақстан экономикасын пандемияға дейінгі деңгейге тез шығаруға мүмкіндік берді.

2021 жылғы қаңтарда Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитет құрылды

Ақша-кредит саясаты жөніндегі комитеттің құзыретіне базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылдау, ақша-кредит саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы мөлшерлемелерін белгілеу және Ұлттық банк басқармасының айрықша құзыретіне жатпайтын ақша-кредит саясатының өзге де мәселелері бойынша шешімдер қабылда, 2030 жылға дейінгі ақша-кредит саясатының стратегиясын әзірлеу және бекіту мідеттері кірді.

Бюджет ережесін әзірлеу

Ұлттық банк пен Үкіметтің Ұлттық қор активтерінің сақталуын қамтамасыз етге арналған контрциклдік бюджет ережесін әзірлеуі үйлестіру саласындағы маңызды жетістік болды. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда контрциклдық бюджеттік ереже іске қосылды. Ол 2023-2025 жылдарға және одан кейінгі жылдарға арналған бюджетті қалыптастыру кезінде қолданыла бастайды. Мемлекет басшысы аталмшы заңнамалық түзетулерді 2021 жылғы 31 желтоқсанда бекітті.

Банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңі

2021 жылғы 12 маусымнан бастап айналымнан шыққан банкноттарды айырбастаудың мерзімсіз кезеңі енгізілді. Қандай да бір банкнот айналыстан шыққаннан кейін оны үш жыл бойы Ұлттық банктің филиалдарында да, сондай-ақ барлық банктердің бөлімшелерінде және «Қазпочта»АҚ кеңселерінде де айырбастауға болады. Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары банкноттарды мерзімі бойынша шектеусіз қабылдайды.

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту

Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын Үкіметпен бірлесіп дамытуға ерекше мән берілді. Қаржы министрлігі екі жылдан он жылға дейінгі мерзіммен мемлекеттік бағалы қағаздарды апта сайын шығару тетігін қайта бастады. Бұл шаралар кірістіліктің тәуекелсіз жолын түзіп, мемлекеттік бағалы қағаздардың дамушы нарықтардағы бағалы қағаздардың жаһандық индекстеріне кіруге мүмкіндік береіп отыр. 2021 жылы мемлекеттік бағалы қағаздар аукциондарында инвесторлардың қатысу үлесі айтарлықтай ұлғайды.

Қаржылық тұрақтылықты нығайту шаралары

Үш жыл ішінде қаржы жүйесінің тұрақтылығы айтарлықтай нығайтылды. Осы кезеңде банк жүйесінің тұрақтылығын арттыруға бағытталған шаралар қабылданды, активтердің сапасын тәуелсіз бағалау (AQR), банктерді қадағалауға арналған стресс-тестілеу жүргізілді. Дағдарысқа қарсы қабылданған шаралардың жеделдігі мен ауқымы тәуекелдердің шоғырлануын тежеуге және елдің қаржы секторында жүйелік тәуекелдердің іске асырылуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Тұтынушылық кредиттер нарығын реттеу және мониторингтеу күшейтілді, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдарын реттеу енгізілді. Халықтың әлеуметтік осал топтарының проблемалық қарыздарын бір реттік есептен шығару арқылы қолдау көрсетілді. Таратылатын банктердің салымшыларына кепілдік берілген өтемді онлайн-төлеуге көшу жүзеге асырылды, төлем мерзімдері айтарлықтай қысқартылды. Теңгелік жинақ салымдары бойынша кепілдік 20 млн теңгеге дейін арттырылды.

Цифрландыру және қаржылық технологияларды дамыту

Цифрландыру және қаржылық технологиялар саласында да айтарлықтай прогрес байқалды. 2020 жылы қабылданған қаржылық технологиялар мен инновацияларды дамыту жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдама шеңберінде клиенттерді қашықтан сәйкестендіру сервисі іске қосылды. Банктер мен мемлекеттік органдар жүйелерін интеграциялау есебінен өңірлерде қызмет көрсететін қаржы нарығының бүкіл субъектілерінің есебін 100% онлайн-режиде тапсыруға көшті. Мемлекеттік қызметтер көрсету жеделдетілді және салық төлемдерін автоматты есепке алу енгізілді. Қаржы нарығының төрт қатысушысының жүйелерімен біріктірілген мезеттік төлемдер жүйесінің базасында цифрлық әлеуметтік әмиянды іске қосылды. Телефон нөмірі (P2P-аударымдар) және QR-код бойынша аударым сервистері жұмыс істеп тұр. Цифрлық валютаны енгізу мүмкіндігін зерттеу үшін Ұлттық банк R3 CBDC Working Group халықаралық жұмыс тобына кірді.

«Цифрлық теңге»

Қаржы секторының цифрлық инфрақұрылымын дамыту бағдарламасын іске асыру үшін Ұлттық банк 2021 жылы цифрлық теңгені енгізу жөніндегі пилоттық жобаны қолға алды. Жоба қаржы нарығының қатысушыларымен және халықаралық серіктестермен бірлесіп іске асырылады. Азаматтар офлайн режимде қолма-қол ақшасыз төлем жасау мүмкіндігіне, ал нарық смарт-келісімшарттар технологиясының арқасында жаңа инновациялық сервистер құру мүмкіндігіне ие болады. Айта кетейік, бүгінде цифрлық теңге платформасының прототипін әзірлеу аяқталды. Нарық ойыншыларымен және халықаралық ұйымдармен бірқатар талқылаулар жүргізіліп, пилоттық жобаның аралық нәтижелері Қазақстан қаржыгерлерінің IX конгресінде таныстырылды. «Цифрлық теңге» пилоттық жобасының нәтижелері бойынша қорытынды баяндама жарияланды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Ұлттық банк 2022 жылғы 1 шілдеге дейін пайда мен шығыстарды бағалай отырып, Цифрлық теңгені енгізу туралы шешім қабылдау моделін әзірлейді. Ал 2022 жылғы желтоқсанда цифрлық теңгені енгізу қажеттілігі туралы қорытынды шешім әзірленетін болады.

2020 жылы Ұлттық банк төрағасы Е.Досаев пен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры К.Георгиева Алматыда аталмыш ұйымның Орталық Азия мен Кавказ аймағындағы техникалық көмек орталығын ашу туралы келісімге қол қойды. 2021 жылғы 11 тамызда Moody's халықаралық рейтингтік агенттігі Қазақстан қаржы жүйесінің рейтингін «тұрақты» болжамымен «Baa2»деңгейіне дейін көтерді. Агенттік елімізде жүргізіліп жатқан макроэкономикалық саясатты, атап айтқанда, Ұлттық банктің инфляциялық таргеттеу және өзгермелі айырбас бағамы режимі жөніндегі саясатын оң бағалады. Бұл Қазақстанның макроэкономикалық және сыртқы орнықтылығына ықпал етті.


Жоғары қарай