Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерболат Досаевтың атынан фейк аккаунттар ашылуда – әкімдік

2022 жылдың 31 қаңтар 2022 21:46

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Алматының жаңа әкімі Ерболат Досаевтың атынан жалған аккаунттар ашылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласы әкімінің атын қолданып, әлеуметтік желілерде аккаунттардың жаппай пайда болуына байланысты, бұл профайлдардың жалған екенін және қала әкімі Ерболат Досаевқа еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Осыған орай тек ресми ақпарат көздеріне сенім білдіруді сұраймыз» делінген баспасөз хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Ерболат Досаев Алматы қаласының әкімі қызметіне тағайындалды. Ал Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының жарлығымен қызметінен босатылды. Ол Алматы әкімі лауазымына 2019 жылы тағайындалған болатын.
Сондай-ақ ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қызметінен босатуға қатысты өз пікірін айтқан еді.


Автор Думан Арғынгелді
Басты сөздер: Алматы, Әкім, Фейк,
Жоғары қарай