Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға тиісті жағдайлар жасалады – Нұрлан Нығматулин

2021 жылдың 21 сәуір 2021 10:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мақұлданған заң жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен бірдей сапалы білім алуға жол ашады. Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білімді дамыту, білімді ұрпақты тәрбиелеу жолында ешқандай кедергі болмауы керек. Себебі, ол біздің ұлтымыздың, еліміздің болашағы. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы білім, соның ішінде ерекше білім беру талаптарын жетілдіру мәселелеріне қатысты арнайы тасырма берген болатын», - деп тоқталды Н. Нығматулин Мәжілістің жалпы отырысында.

Осы орайда ол әзірленіп, бүгін мақұлданған заң жобасында бірқатар маңызды сұрақтар қамтылып отырғанын айтты.

«Енді инклюзивті білім беруге заманға сай стандарттар енгізіледі. Бұл жолда ерекше білім беруді қажет ететін балалардың тұрғылықты жері ескерілген. Сонымен бірге, аталған балалардың мәртебесі заң деңгейінде толықтай және нақты реттеліп отыр. Сондықтан бұл заң жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға басқалармен бірдей сапалы білім алуға, осы саланы білікті мамандармен қамтамасыз етуге, инклюзивті білімді жоғары деңгейде ұйымдастыруға жол ашатын болады», - деді Мәжіліс төрағасы.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды.



Жоғары қарай