Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ереванда армян тілінде қазақ әдебиеті антологиясының тұсауы кесілді

2019 жылдың 30 қараша 2019 11:13

ЕРЕВАН. ҚазАқпарат – Ереванда Армениядағы Қазақстан консулдығының қолдауымен Тұңғыш Президент күніне орай армян тілінде «Қазақ әдебиеті антологиясының» тұсауы кесілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі хабарлады.

Армениядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында армян тілінде «Қазақ әдебиеті антологиясы» жарық көрді. Жинаққа әртүрлі бағыттағы Қазақстан жазушылары мен ақындарының, сонымен қатар 16 ғасырдан 21 ғасырға дейінгі қазақ әдебиеті классиктерінің шығармалары енген.

«Армян халқын қазақ классиктерінің қайталанбас өлең жолдарымен, біздің 16, 17, 18 ғасырлардағы ақын-жырауларымыздың әуезді шығармашылығымен таныстыру мақсатында Қазақстан мен Армения тарихында тұңғыш рет «Қазақ әдебиеті антологиясы» жинағы армян тілінде жарық көрді. Басылымның ерекшелігі – біз бір жинаққа әртүрлі жанрдағы және қазақ әдебиетінің түрлі тарихи кезеңдеріндегі әдеби шығармалар топтастырылды», - деді шара барысында Арманиядағы Қазақстан елшісі Тимур Оразаев.




Кітаптың аудармасы және басылымымен М.Абегян атындағы Армения Ұлттық академиясының Әдебиет институты мен Ереван мемлекеттік университеті айналысқан. Басылымның жарыққа шығуына тәжірибелі армян көркем аударма мамандары қатысты.

«Соңғы 50 жылда аудармалардың тек репринтті түрлері жарияланып отырды. Кәсіби шығармашылық топтың арқасында бірінші рет армян тілінде осындай көлемді және бағалы еңбек жарық көрді», - деп атап өтті Ереван мемлекеттік университеті түркология кафедрасының меңгерушісі, редактор-антологияның құрастырушы, кіріспе сөз бен филологиялық ескертпелер авторы, профессор Александр Сафарян.

Антологияға қазақ әдебиетінің классиктері – Абай, Шәкәрім, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров, Жамбыл Жабаев және басқалардың туындылары кірген. Жалпы жинақта 100-ден аса шығарма бар.

Тұсаукесерден кейін «Қазақ әдебиеті антологиясы» Армения мен Қазақстанның жетекші университеттері мен кітапханаларына жеткізіледі.

Шара барысында армян тіліндегі «Қазақ әдебиеті антологиясынан» бөлек тағы екі кітаптың таныстырылымы болды: «Қазіргі қазақ поэзиясы антологиясы» және «Қазіргі қазақ прозасы антологиясы». Бұл екі томдық жинақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында БҰҰ барлық тілдерінде жарық көрді.

Авторы Азамат Әлмағанбетов

Жоғары қарай