Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еркін күрестен Токио олимпиадасына қатысатын балуандар құрамы белгілі болды

2021 жылдың 13 маусым 2021 16:38

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Қазақстан командасының бас бапкері Әсет Серікбаев Токио Олимпиадасында бақ сынайтын балуандар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Оlympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық еркін күрес шеберлері төртжылдық додасында бес салмақ дәрежесінде белдеседі.

Токио Олимпиадасында еркін күрестен төмендегі балуандар ел намысын қорғайды:

57 келі: Нұрислам Санаев (Ақтөбе облысы)

65 келі:Дәулет Ниязбеков (Қызылорда облысы)

74 келі: Данияр Қайсанов (ШҚО)

97 келі: Әлішер Ерғали (Жамбыл облысы)

125 келі: Юсуп Батырмұрзаев (Ақтөбе облысы)

Бас бапкер Әсет Серікбаевтың айтуынша, 74 және 125 келіге дейінгі салмақта Олимпиадаға кімдердің қатысатыны ең соңғы сәтке дейін белгісіз болған.

«Балуандарымыз Польшада өткен Вацлав Циолковский мемориалында сынға түсті. Бұл рейтингілік турнир болғандықтан, кейбір салмақтағы мәселелер осы бәсекеден соң шешіледі деген қорытындыға келдік. Біз 74 және 125 келідегі балуандарды осы жарыста бақылап, жақсы нәтиже көрсеткен спортшыны Токиоға апаруды жоспарладық. Өздеріңіз де көрдіңіздер, Данияр Қайсанов (74 келі) пен Юсуп Батырмұрзаев (125 келі) турнирде үздік үштік қатарына енді. Елге келген соң бапкерлермен ақылдасып, соңғы рейтингілік турнирде жүлдеге іліккен спортшыларды құрамға қостық. Біз бәріне де мүмкіндік бердік. Олимпиаданың басталуына бір айдан сәл ғана асатын уақыт қалды. Мақсатты түрде дайындалу үшін құрамды жарияладық. Токио ойындарына дейін екі-оқу жаттығу жиынын өткіземіз», - дейді Серікбаев.
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай