Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 385.16
EUR 425.95
RUB 6.01
CNY 54.51

Ерлан Бекхожин «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 12:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Мауберлинова жаңа Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожинді «Хабар» Агенттігі» АҚ ұжымына таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұжым алдында сөз сөйлеген Нұргүл Мауберлинова Алан Әжібаевқа жемісті жұмысы мен кәсібилігі үшін алғыс білдірді және жаңа жұмысында сәттілік тіледі.

Ерлан Қалижанұлы БЕКХОЖИН 1963 жылы 6 мамырда дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, Орталық Азия университетін бітірген. 1994-1997 жылдары - «Хабар» агенттігі ақпараттық бағдарламасының жүргізушісі, «Жеті күн» ақпараттық бағдарламасының авторы әрі жүргізушісі. 1998-2003 жылдары - Қазақстан Республикасындағы «Мир» халықаралық телерадиокомпаниясының директоры. 2003-2009 жылдары «Литер-Медиа» ЖШС бас директоры, «Литер» және «Айқын» газеттері редакциялық кеңестерінің төрағасы. 2009 жылғы ақпаннан ҚР Президенті Телерадио кешенінің бас директоры болды. «Бас редакторлар клубының» президенті.

«Құрмет» орденімен марапатталған. «Жылдың үздік журналисі» номинациясында «Алтын жұлдыз» сыйлығының лауреаты (1996). Ресей журналистер одағының (1997) және Қазақстан журналистер одағы (2000) сыйлықтарының лауреаты. БАҚ саласындағы ҚР Президенті сыйлығының лауреаты (2008).

Басты сөздер: БАҚ, Тағайындау,
Жоғары қарай