Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерлан Қарин елде тұрақтылық орнату үшін Қазақстан халқының бірлігі қажет екенін айтты

2022 жылдың 10 қаңтар 2022 09:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин елде тұрақтылық орнату үшін Қазақстан халқының бірлігі қай тұрғыда қажет екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Білесіз бе, мен бұл күндері әртүрлі жайттарды көрдім. Мен түні бойы қорғаныста тұруға дайын полиция қызметкерлерін көрдім. Мен көптеген хабарламаларды көрдім, өкінішке қарай, бәріне жауап бере алмадым. Достарымнан, әріптестерімнен, бейтаныс адамдардан немесе direct-ке «қандай көмек бере аламыз» деген мәндегі көптеген хабарламалар келіп жатты», - деді Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында.

Мемлекеттік хатшының пікірінше, қазір халықтың бір-біріне деген ең үлкен көмегі ынтымақты сақтауы болмақ.

«Ең бастысы, ынтымақ әр ісімізден көрініс таба алады. Бұл біздің көшеде, полиция органдарында, қоғамдық тәртіпті сақтауда қосқан көмегімізден көрінуі мүмкін. Біздің көмегіміз елімізге ақпараттық шабуылды болдырмау болуы мүмкін. Біздің көмегіміз жалған ақпаратты бөліспегенде, өздігімізден жалған ақпараттың жолын кескен кезде, әлі де толассыз тарап жатқан жалған ақпаратттардың бәрін сүзгіден өткізсек, сол да көмек болуы мүмкін. Кейбір мәселелер бойынша әртүрлі идеологиялық ұстанымдарда болып көрінетін адамдардан да хабарламалар келіп жатты. «Дәл қазір біз біргеміз, қандай көмек бере аламыз» деп сұраған кезде азаматтар шынайы жұдырықша жұмылған сәт болды деп ойлаймын», - деді Ерлан Қарин.


Жоғары қарай