Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерлан Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырады

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 11:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин қазақстандық ғалымдар әзірлеген вакцинаның екінші дозасын салдырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырамын. 21-22 күннен кейін екінші рет егілу қажет», - деп жазды Ерлан Қарин Facebook-парақшасында.

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылдың 25 желтоқсанында ҚР Президентінің көмекшісі Е.Қарин клиникалық зерттеуден тыс өз келісімімен QazCovid-in вакцинасын салдырған еді.

2020 жылдың 19 желтоқсанда ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген QazCovid-in вацинасына клиникалық сынақтың ІІІ фазасы басталды. Жалпы клиникалық сынақтың I және II фазасына 244 қазақстандық қатысты. Зерттеудің алдын ала нәтижелері вакцинаның жоғары қауіпсіздігін, иммуногенділігін және тиімділігін көрсетті. ІІІ фазаға 3 мың ерікті қатысуда. Зерттеудің барлық қатысушыларына бірреттік сыйақы мен медициналық сақтандыру төленеді.


Жоғары қарай