Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерлан Қарин «Жаңа Қазақстан» ұранының мәнін түсіндірді

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 15:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Мәжілісінің кешегі жалпы отырысында сөйлеген сөзі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының кешегі сөзінің негізгі айтпағы не? Біріншіден, Президенттің сөзі террористерге қарсы күрестің шешуші кезеңінің аяқталғанын білдіреді», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram каналында.

Айтуынша, бұған дейінгі осы мәселе бойынша жасаған үндеулерінде Мемлекет басшысы террористік агрессияға тойтарыс беру және жағдайды тұрақтандыру жөніндегі барлық іс-әрекеттер туралы хабардар етіп келген. Ал кешегі сөзінде Президент жаңа күн тәртібін ұсынған.

«Азаматтар, қоғам және элита үшін ертеңгі күннің көрінісі белгіленді. Президент ұсынған күн тәртібі қоғамның үмітін оятып, ертеңге деген сенім ұлятуға және күрделі проблемаларды шешудің сындарлы бағытын белгілеуге арналған. Ол баршамызды Жаңа Қазақстанды құру дейтін үлкен жасампаз процеске қатысуға шақырады. Бұл бағдар барлық саналы қоғамдық-саяси күштерді алға жылжу үшін біріктіріп, бір мақсатқа шоғырландыруды көздейді», - дейді Мемлекеттік хатшы.

Ерлан Қарин жазбасында «Жаңа Қазақстан» ұранының астарына да үңілген.

«Жаңа Қазақстан деген нені білдіреді? Бұл кейбір сарапшылар ұсынғандай, мемлекеттік аппаратты жаңарту ғана емес. Бұл, ең алдымен, қоғамдық құндылықтарды қайта жаңғырту. Радикализмнен, экстремистік көзқарастар мен әрекеттерден бас тарту, шығармашылық жасампаздық жігерді нығайту. Қоғамдағы барша кемшіліктерді еңсеру. Бұл кезең-кезеңімен және жүйелі реформаларды жалғастыруды да білдіреді. Мемлекет саясатын гуманитарлық өлшеммен қарап, адами капиталға басымды беріледі», - деп жазды Мемлекеттік хатшыы Ерлан Қарин.


Жоғары қарай