Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ерлан Сайыров:Бізге билікті бөлудің мықты институты қажет

2022 жылдың 30 қаңтар 2022 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бізге билікті бөлудің мықты институты қажет. Мұндай пікірді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Сайыров білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кеше «Хабар» телеарнасына сұхбат берген Президент Парламентті де, партиялық жүйені де трансформациялау қажеттігін айтты. Егер партиялық жүйе трансформацияланатын болса, онда «Nur Otan» партиясы еуропалық үлгідегі ұйымға айналуы тиіс. Партияда әкімшілік ықпал ету, біржақты әлеуметтік-экономикалық мәселелерде лоббилендіру сынды элементтер болмауы тиіс. Яғни, партия адамдармен тікелей жұмыс істеуге қабілетті шынайы саяси күшке айналуы қажет. Біз соған ұмтылуымыз қажет. Сонда ғана еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосуға қабілетті тұрақты іс-шаралар жүзеге асырылады», - деді Ерлан Сайыров.

Оның атап өтуінше, бізге билікті бөлудің мықты институты керек.

«Мемлекеттік институттар пікір алуандығының негізін қалыптастырады және саяси тұрақтылықтың іргетасы саналады. Парламентте саяси күштердің кең спектрі болуы тиіс. Бұл ел тұрақтылығының кепілі», - деді Ерлан Сайыров.


Жоғары қарай