Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерлан Серікжанов Токио Олимпиадасының екінші айналымында жеңіліп қалды

2021 жылдың 25 шілде 2021 10:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дзюдодан Токио Олимпиадасының екінші жарыс күнінде Қазақстан командасының өкілі Ерлан Серікжанов жеңіліп қалды, деп жазады Olympic.kz.

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Серікжанов әлемдік рейтингте екінші орында тұрған италиялық Мануэль Ломбардомен белдескен болатын.

Негізгі уақыттың аяқталуына 12 секунд қалғанда италиялық балуан «ваззари» ұпайын еншілеп, Серікжанов жарыс жолынан шығып қалды.

Осылайша, қазақстандық дзюдошы жүлдеден үмітін үзді.


Басты сөздер: Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай