Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ермек Аманшаев Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды

2019 жылдың 10 шілде 2019 20:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары - ҚР Парламентіндегі ҚР Үкіметінің өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды primeminister.kz.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан Ермек Аманшаев ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі болды. 5 жылдан астам уақыт елорда әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

Мәдениет вице-министрі және «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» АҚ президенті болған Е. Аманшаев отандық кинематографияның дамуына және салада жаңа буынның білікті кадрларын даярлауда қомақты үлес қосты.

«Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен, «Мәдениет қайраткерi» белгісімен марапатталған. Қазақстан Жазушылар одағының, Қазақстан Театр қайраткерлері одағының, Кинематографистер одағының мүшесі.

Жоғары қарай