Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Ертең астанада еліміздің бас шыршасының шамдары жағылады

2021 жылдың 18 желтоқсан 2021 12:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 желтоқсан күні Нұр-Сұлтан қаласында бас шыршаның шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қалалық Ішкі саясат басқармасынан мәлім еткендей, биыл еліміздің бас шыршасы ЭКСПО көрмесінің аумағында орналасты. Биіктігі – 25 метр.

«Жаңа жылдық іс-шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады... Аталмыш шараны елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары тамашалай алады», - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін қала әкімі Алтай Көлгінов Тәуелсіздік мерекесі тойланып бітпейінше Жаңа жылмен байланысты шаралар өтпейтінін айтқан болатын.


Басты сөздер: Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай