Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ертең соңғы қоңырау қалай ұйымдастырылады

2021 жылдың 24 мамыр 2021 17:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мектепке дейінгі орта білім беру комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова БАҚ өкілдеріне ертеңгі соңғы қоңырау шарасы қалай ұйымдастырылатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ертең – еліміздегі мектептердің бәрі үшін соңғы қоңырау күні. Оны өткізу форматы бойынша Білім және ғылым министрлігінің тарапынан методикалық нұсқаулық жіберілді. Нақтырақ айтсақ, бірнеше формат ұсынылды. Біріншіден, аттестат алатын сыныптар үшін мектептегі соңғы қоңырау екенін ескере отырып, 9-11 сыныптарға дәстүрлі форматта өткізуді ұсындық. Екінші формат бойынша әр сынып жеке өткізе алады. Жеке оқушыларды шақырып та, сынып сағаты ретінде де өткізуге болады. Үшіншіден, өздерінің үйренген форматы бойынша өткізе алады», - деді министрлік өкілі.

Оның айтуынша, дәсүрлі форматта өтетін соңғы қоңырауға өзге сыныптар да қатыса алады. Мұндай рұқсат мектептің сыйымдылығаны қарай реттелмек.

«Тек 9-11 сыныптар ғана дәстүрлі форматта өткізе алады деп айтуға да болмайды. Оқушылардың сыйымдылығына байланысты мүмкіндік болса, 9 және 11 сыныптардың параллельдері көп болмаса, басқа сыныптарды да уақыт бойынша кезек-кезекпен шығарып кәдімгі дәстүрлі форматта ұйымдастыруға жол беріледі», - деді комитет басшысы.


Жоғары қарай