Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

«ERTIS» ФК басшылығы ауысты

2020 жылдың 9 сәуір 2020 18:59

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат -Клубтың қамқоршылық кеңесінің шешімімен Нұрлан Ысқақов «ERTIS» ФК директоры қызметінен босатылып, оның орнына Әсет Төлеубаев сайланды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz аталмыш клубтың сайтына сілтеме жасап.

Ұжымға жаңа басшылықты таныстырған облыстық туризм және спортты дамыту басқармасының басшысы Марат Айдашев жақында өткізілген аудит анықтаған олқылықтарды түзету қажеттілігіне ерекше тоқталды.

Ол сонымен бірге клубтың Павлодар облысы футболын дамыту мақсатында облыстық футбол федерациясымен тығыз байланыс орнату қажеттілігі мен балалар мен жасөспірімдер спортына ерекше назар аудару керектігіне баса назар аударды. Сөз соңында ол бұрынғы басшылыққа қызметі үшін алғыс білдірді. Марат Айдашев.

Футбол клубының жаңа басшылығы аудит анықтаған олқылықтарды саралаумен айналыспақ.

Әсет Төлеубаев әр жылдары бизнес құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.

Естеріңізге сала кетейік, «ERTIS» ФК бұрынғы директоры Нұрлан Ысқақов аталған қызметке 2020 жылдың 24 ақпанында тағайындалған болатын.
Жоғары қарай