Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ertis ФК құрамы Грузия чемпионатының үздік сұрмергенімен толықты

2020 жылдың 11 қаңтар 2020 20:33

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Түркияда бірінші оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан павлодарлық футбол клубы екі жаңа футболшымен толықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Ertis ФК баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгінде командаға екі шетелдік футболшы - беларусь қақпашысы Сергей Черник пен грузин шабуылшысы Леван Куталия ауысты.

30 жасар форвард өз елінің командаларында және шетелдік клубтарда доп тепкен. Мәселен, 2008-2011 жылдары ол Босния және Герцеговинаның «Славия» және «Зриньски Мостар» командаларында өнер көрсетті. Өткен маусымды шабуылшы Тбилисидің «Динамосында» өткізіп, 33 матчта 20 гол соққан. Сонымен бірге, ол «Динамоның» сапында 2019 жылғы Грузия чемпионы атанды. Футболшы мансабында барлығы 211 матчта ойнап, 51 гол соққан.

Беларусь қақпашысына келсек, Сергей Черник павлодарлық клубқа «БАТЭ» сапынан ауысып келді. Борисовтік клубта ол барлығы 109 матч, оның ішінде Чемпиондар лигасында 23 матч өткізген. Сонымен бірге, қақпашы 2017-2019 жылдары Францияның «Нанси» командасында ойнады. Лига 1 чемпионатында ол 17 кездесуге қатысқан.

Түркияда алғашқы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан команда бас бапкері Милан Миланович атап өткендей, мұнда футболшылардың функционалдық даярлығына ерекше мән беріледі. - Бірінші жиында базалық дайындыққа мән беріледі, - дейді Милан Миланович. - Алайда барлық жаттығуларда доппен жұмыс істейміз. Бұл ойыншыларға да қызықты, әрі олардың өзара жақындасуына жағдай жасайды. Жаңа ойыншылар көп болады. Әзірше, футболшылар, оның ішінде жастар командада қалу үшін қалуға тырысатынын көрсетуде. Команданың бас бапкері айтқандай, жиын барысында екі жолдастық кездесу ұйымдастыру жоспарланып отыр. Олар 18 және 24 қаңтарда өтеді.
Басты сөздер: Спорт, Павлодар облысы,
Жоғары қарай