Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Ертіс орманында 100 гектар аумақты шарпыған өрт сөндірілді

2020 жылдың 14 маусым 2020 17:33

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында орман өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Рavlodarnews.kz ресурсына сілтеме жасап.

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, оттың тұтануына орманға жай түсуі себеп болған.

«Өрт Шарбақты ауданының Галкин ауылдық округінде, Құлат ауылынан 10 шақырым жерде басталды. «Ертіс орманы» табиғи резерватының аумағында құрғақ шөп, қарағай мен қарағаш жанған. Өрт бүгін сағат 10.55 кезінде толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске 50 адам, 20-дан астам техника, соның ішінде Ми-2 тікұшағы жұмылдырылды» делінген хабарламада.

Өрт аумағы - 100 гектарға жуықтайды. Оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ.

Еске сала кетейік, кеше Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» табиғи резерватында орман өртеніп жатқанын хабарлаған болатынбыз.











Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920