Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ертіс өзенінде балық қырылды – ШҚО

2021 жылдың 11 сәуір 2021 16:44

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысындағы Ертіс өзенінде балық қырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясына 9 сәуірде Ертіс өзенінде балықтардың қырылғандығы туралы ақпарат келіп түскен.

Сол күні инспекция мамандары бекітілген талапқа сәйкес, Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экология департаментімен, Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен және Орман және аңшылық шаруашылығының жедел әрекет ету бөлімімен бірлесіп, су қоймасына зерттеу жүргізді.

«Қырылған мөңке балығының жалпы салмағы – 30 келі. Қазіргі уақытта балық өлекселері толықтай жойылды. Сонымен қатар зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін судың және балықтың сынамалары алынды», - делінген инспекция өкілдері таратқан хабарламада.

Балықтың не себепті қырылғаны зерттеу нәтижесінен кейін белгілі болмақ.


Жоғары қарай