Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ерұлан Жамаубаев Есеп комитетінің ескертпелерін түзету қалай жүріп жатқанын айтты

2021 жылдың 15 маусым 2021 17:42

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ескертпелерін түзету жұмыстары қалай жүріп жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бірқатар ескертпе Қытай Халық Республикасының кедендік статистикасымен сәйкес келмеушілікке қатысты болды. Бұл орайда бірқатар объективті себеп те бар. Ең алдымен ол - Қазақстанға қарай қытай экспортының барлық уақытта экспорт ретінде рәсімделінуде. Алайда олардың басым бөлігі Қазақстан арқылы транзиттік жүк ретінде өтеді. Яғни, бизнесмендер жүктерін транзит ретінде рәсімдейді. Сол себептен статистикада айтарлықтай айырмашылық болып отыр. Дегенмен, соңғы үш жылда үлкен жұмыс жүргіздік және қазіргі уақытта қытай тарапымен ақпарат алмасу шынайы уақыт режимінде жүргізілуде», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытайдың кедендік статистика деректеріндегі айырмашылық 25 пайызға қысқарған.

«Бұл жұмысты жалғастыра береміз. Мұнан бөлек бюджеттік кіріс бөлігінің жоспарына, бюджет шығыстарын оңтайландыру тұрғысында ескертулер болды. Біз бұл ұсыныстардың барлығын ескердік және Үкіметтің мұнан арғы жұмысында қолданамыз», - деді Ерұлан Жамаубаев.


Жоғары қарай