Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Ержан Максим: Екінші орын алғаныма еш өкінбеймін

2019 жылдың 26 қараша 2019 16:22

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Eurovision Junior 2019 байқауының жүлдегері Ержан Максим Алматыда баспасөз мәслихаты барысында өзінің пікірімен бөлісті, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі.

«Байқау алдында қобалжығаным рас. Бірақ, екінші орын да жаман емес. Менің өнерім сіздерге ұнады деген ойдамын. Ештеңеге өкінбеймін. Нәтижесі шыққанша қобалжыдым. Бірақ, екінші орын екенін естігенде мен қуандым. Жылап жібере жаздадым», - деді Ержан.

Әншінің анасы Гүлмира Әлібек баласына қолдау көрсеткен қазақстандықтарға алғыс білдірді.

«Ержан барынша өнер көрсетті. Бұл тек оның жеңісі емес, бүкіл Қазақстанның жеңісі деп ойлаймын. «Хабар» агенттігіне осы байқауды көруге мүмкіндік бергені үшін алғыс білдіремін. Демеушілер мен ән авторлары, клип түсірушілерге көп рахмет. Барлық қазылар Ержанға жоғары бал берді. Әлеуметтік желіде де адамдар баға беріп жатты. Тіпті, арасында халық даусының жетпей қалғаны үшін кешірім сұрағандар да болды. Ешкімге өкпеміз жоқ», - деді ол.

Еске сала кетсек, Польшада өткен «Junior Eurovision-2019» ән байқауында бақ сынаған қазақстандық Ержан Максим екінші орын алған болатын. Қазылардың берген бағасы бойынша Ержан Максим бірінші орын алды. Ал онлайн дауыс беру қорытындысымен 79 ұпай жинады. Осылайша, қазақстандық әнші жалпы 227 ұпаймен екінші орын алды. Байқаудың бас жүлдесін 278 ұпай жинаған Польша өкілі Вики Габор жеңіп алды.

Айта кету керек, жас өнерпаз Алматыға бүгін түнде ұшып келді.

Бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ержан Максимді ән байқауындағы жүлдесімен құттықтағаны хабарланған болатынбыз.

Көк туды желбіреткен жас әншіні Димаш Құдайберген де құттықтап, Instagram парақшасында «Құлыншақ, жеңісің құтты болсын! Екінші орын емес, мен үшін бірінші орын деп білемін!!! Жарайсың балапан!!!» деп жазды.

Өз кезегінде Ержан Максим қазақстандықтарға алғысын айтты. «Құрметті достарым, апа-ағаларым, ата-әжелерім. Маған дауыс бергендеріңіз үшін көп-көп рахмет! Осы жеңіске сіздердің арқаларыңызда жетіп отырмын», - деп жазды әнші.

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Өнер,
Жоғары қарай