Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Есеп комитеті «ҚазАгро» холдингі активтерді тиімсіз пайдаланғанын анықтады

2019 жылдың 2 шілде 2019 17:39

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАгро» холдингі бойынша жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 47 млн теңге сомасында қаржылық бұзушылық анықталды. Бұл туралы Есеп комитетінің мүшесі Халида Қамбарова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аудит қорытындысы бойынша холдинг топтарында 47,1 млн теңгеге қаржылық бұзушылықтар анықталды. Қаржы мен квазимемлекеттік сектор активтерін тиімсіз пайдалану - 392,5 млрд теңге», - деді Х. Қамбарова Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында.

Оның сөзіне қарағанда, аталған соманың ішінде экономикалық шығын 206,5 млрд теңгені, таза шығын 107 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, Есеп комитетінде «ҚазАгро» холдингі мен оның еншілес ұйымдары қызметінің тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысы жарияланды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл мамыр айының соңында Парламент Сенаты Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында «ҚазАгро» холдингін сауықтыру бойынша қадамдардың іске асырылу мәселесін көтерді.

Осы орайда екінші деңгейлі банктер ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге несие бермейтіндігі, ал «ҚазАгро» екі жыл бойы шығынмен жұмыс істеп жатқандығы айтылды.

Белгілі болғандай, «ҚазАгро» холдингі» АҚ-ны дамытудың стратегиялық бағдарламасы әзірленіп жатыр.

Жоғары қарай