Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есіл өзеніндегі судың сапасы тексерілді

2020 жылдың 17 қыркүйек 2020 15:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік суды мониторингілеу және талдау күніне орай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Есіл өзеніндегі судан сынама алу процесін көрсетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған ортаның ластануын сынау зертханасы Есіл өзенінен су сынамасын алды. Сынама алу кезінде температура өлшенеді, содан кейін сынама зертханаға жеткізіліп, органикалық құрамы, ауыр металдардың болуы, тұздың құрамы зерттеледі», - деді «Қазгидромет» РМК қоршаған ортаның ластануының мониторингі сынақ зертханасының басшысы Ербол Оразалин.

Оның айтуынша, судың сапасын осылай бақылау жұмысы ай сайын жүргізіледі.

«Нұр-Сұлтанда біз бақылайтын жеті су қоймасы және сынама алатын 20 орын бар. Біздің су айдындары ең таза су айдыны емес екенін мойындауымыз керек, бірақ рұқсат етілген шекті концентрация мөлшерден асып кетпейтінін де айта кеткен жөн. Біз бірнеше жылдан бері Есіл өзеніне мониторинг жүргізіп келеміз және су құрамында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ «, - дейді ол.





Ербол Оразалин су құрамы не себепті айтарлықтай өзгермегені туралы да мәлім етті.

«Бізде суды қатты ластайтын ірі зауыттар мен кәсіпорындар жоқ. Егер су құрамындағы кейбір көрсеткіштер қалыптан асып кетсе, онда біз ақпаратты Төтенше жағдайлар департаментіне, Нұр-Сұлтан әкімдігінің Экология департаментіне жібереміз. Олар су құрамын қалыпқа келтіру жоспарын әзірлеп, проблемалық нүктені тауып, талдау жүргізеді. Бірақ мен тағы да қайталаймын, Есіл өзенінде шамадан тыс көрсеткіш болып көрген жоқ», - дейді ол.

Мекеменің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Қазгидромет» РМК еліміздің 143 су объектісінде орналасқан 424 нүктесінде, оның ішінде 93 өзенде, 31 көлде, 15 су қоймасында, 3 арна және 1 теңізде судың сапалық жай-күйіне бақылау жүргізеді.
























Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Экология, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай