Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Есіл өзенінен сынама алынды: Балықтар су бетіне шығып қалған

2020 жылдың 27 мамыр 2020 09:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Есіл өзенінде балықтар жаппай су бетіне шыққаны туралы ақпараттан кейін «Қазгидромет» РМК судан сынамалар алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нұр-Сұлтан қаласында Есіл өзеніндегі балықтардың ерекше құбылысы жөнінде БАҚ-та жарияланған ақпаратқа байланысты 26 мамыр күні ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экологиялық мониторинг департаментінің Қоршаған ортаның ластану мониторингі сынақ зертханасының қызметкерлері жоспардан тыс су сынамаларын алды», - делінген «Қазгидромет» РМК мәліметінде.

Су сынамалары келесі нүктелерден алынған:

- «Қараөткел» автожол көпірінің астында;

- «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км жоғары;

- «Қараөткел» автожол көпірінен 0,5 км төмен;

Жер беті суларының сапасын талдау 42 физика-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізіледі. Оның ішінде басты иондар, биогенді, органикалық және органикалық емес заттар, ауыр металдар бар.

«Бірінші күннің талдауы бойынша судың температурасы 23,7 - 24,2 градус шегінде екені анықталды. Сутегі көрсеткіші – 8,70-8,75. Суда еріген оттегінің концентрациясы қалыпты және 9,30-11,8 мг/дм3 диапазонында. Түсі – 25-30 градус, мөлдірлігі - 25 см, иісі - 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылмады.

27 мамырда қалған көрсеткіштер бойынша талдау нәтижелері туралы қосымша ақпарат жарияланатын болады. Сондай-ақ, 31 мамырда 5 тәуліктен кейін дайын болатын «оттегіні биохимиялық тұтыну (5)» анализінің нәтижесін ұсынамыз», - деді компанияның баспасөз қызметінен.


Басты сөздер: Қазгидромет, Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай