Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға сотталуы мүмкін

2021 жылдың 29 мамыр 2021 16:07

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Есірткі сатқан жамбылдық жеті жылға сотталуы мүмкін,- деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбыл облысының ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында есірткі сақтаумен айналысатын ер адамды анықтады.

Осылайша, Шу ауданында 46 жастағы жергілікті тұрғыннан салмағы бір келіден асатын «кептірілген марихуана» есірткі заты табылып, тәркіленді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Ұсталған ер адам кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз сақтау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Аталған қылмыс бойынша үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған»,-делінген ведомство хабарламасында.


Жоғары қарай