Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Есірткі жарнамасын орнатқан компания 750 мың теңге айыппұл төлейтін болды

2019 жылдың 20 қараша 2019 20:11

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда есірткі жарнамасын билбордқа орнатқан компания 750 мың теңге көлемінде айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасынан хабарлағандай, «Наружная реклама» ЖШС өкілі ҚР ӘқбК 423-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұл бап бойынша заңды тұлғаларға 300 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған.

«Сонымен қатар, жарнамаға тапсырыс берген тұлға анықталды. Ол Қарағанды қаласының тумасы боылп шықты. Бұл ақпарат Қарағанды облысындағы әріптестерімізге тапсырылды. Күдікті Қазақстанның 4 облысы Нұр-Сұлтан, Шымкент, Қарағанды, Өскемен қалаларында билбордтарға тапсырыс берген. Қазір Алматыдағы екі билборд бұзылды», - деді қалалық Полиция департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының басшысы Ерлан Әлмағамбетов.

Айта кету керек, бүгін әлеуметтік желіде тұрғындар есірткі саудасы жарнамаланған баннерлерге наразылық білдірді.

Алматы әкімдігі бұл баннерлердің қалай пайда болғанын түсіндірді.

Жоғары қарай