Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есірткіге мас болып, рульге отырған жігіттің көлігінен марихуана табылды - ШҚО

2021 жылдың 16 мамыр 2021 14:54

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанның Бесқарағай ауданында есірткіге еліткен жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің Instagram парақшасына сілтеме жасап.

Қара Мырза ауылының маңында ВАЗ-2107 маркалы автокөлігі көзге іліккен. Полицейлер артынан келе жатқанын байқаған жүргізуші жасырынуға тырысқан.

Ізге түскен полицейлер қашуға тырысқан көлікті ұстады. Көлік салонында осы ауылдың 1984 және 1982 жылы туған екі тұрғыны болған.

Медицина орталығына жеткізілген олардың куәландыру актісіне сәйкес есірткіге мас екені анықталды.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБК 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, көлік құралын тексеру барысында көлік салонында канобиноидты тұқымдастардан шыққан қолдан жасалған 4 ыдысқа отырғызылған өсімдік табылып, тәркіленді.

Сот-химиялық сараптамаға сәйкес бұл өсімдік есірткі саналады.

Ұсталғандардың бірі бұл өсімдік оның ауласында өскенін, ал қазір оны қазып алып орманға апара жатқанын айтты.

Құрылған арнайы жедел тергеу тобы бір мезгілде екі елдімекенде тінту жүргізді.

Айыпталушылардың бірінің гаражынан ерекше иісі бар өсімдік тектес заттар бар үш полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген заттар марихуана екені анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 300-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Алынған өсімдіктерге сот-химиялық сараптама тағайындалды.


Жоғары қарай