Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды - «Дәрмек» операциясы

2021 жылдың 7 маусым 2021 12:02

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Дәрмек» операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ресми өкілдің айтуынша, «Дәрмек» арнайы ауқымды операциясы барысында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 77 қылмыс анықталды. Оның ішінде 38-сі өткізу фактісі болса, аса ірі мөлшерде есірткіні сақтау бойынша 15 факті тіркелді, 3 контрабандалық әрекет әшкереленді.

«Мәселен, Шығыс Қазақстан облысының полицейлері облыс орталығының тұрғынын ұстап, үйіне тінту жүргізген кезде 10 келіге жуық гашиш тауып алды. Барлық анықталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды», - деді Нұрділдә Ораз апталық брифинг барысында.


Жоғары қарай