Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты

2020 жылдың 25 қыркүйек 2020 17:23

ВИЛЬНЮС. ҚазАқпарат - Эстонияда Абай мен әл-Фарабиге арналған пошта маркалары жарыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазақстанның Эстониядағы елшілігі қазақ ақыны және ағартушысы Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастамашылық етті» делінген ведомствоның Telegram парақшасында.

Эстонияның мемлекеттік почта операторы «Eesti Post» қазақстандық маркаларды алғаш рет басып шығарды.

Марка дизайны ағылшын тілінде, ұлы ойшылдардың мерейтойымен үйлесімді стильде жасалған.


Жоғары қарай