Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 414.13
EUR 451.40
RUB 5.80
CNY 58.03

Еуразия экономикалық одағына көлікті уақытша кіргізу мерзімі ұзартылды

2020 жылдың 19 мамыр 2020 09:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуразия экономикалық одақ кеңесі жеке тұлғалар үшін Еуразия экономикалық одағының кеден аумағында автомобильдер мен басқа көлік құралдарының уақытша жүріп-тұру мерзімін 30 қыркүйекке дейін ұзартты. Бұл туралы Еуразия экономикалық одағының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Осылайша автомобильдер мен басқа техниканы уақытша кіргізген азаматтар 30 қыркүйекке дейін оларды ЕАЭО-дан қайта шығару міндетінен босатылды. Тиісінше оларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылмай, кедендік төлем төленбейді.

Бұл шешім сондай-ақ Калининград облысынан жеңілдік тәртібімен кеденнен өткізілген көлікпен келіп, үйіне орала алмаған азаматтарға да қатысты.

Кеңес сондай-ақ ЕАЭО-ға тұрғылықты мекенжайға көшіп келген тұлға, босқын, шарасыздан қоныс аударушылардың одаққа жеке мүлігін баж салығын төлемей кіргізудің 18 айлық мерзімін 30 қыркүйекке дейін тоқтатты.

Шешім 1 наурыздан 30 қыркүйекке дейін туындаған немесе туындайтын мәселелерге қатысты болады. Бұл шешім ЕАЭО-ның коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша қабылдаған шараларына байланысты азаматтардың өз құқықтарын іске асырып, міндеттерін орындау мүмкіндігінің жоқтығы себебімен қабылданған.


Жоғары қарай