Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еурокомиссия басшысы Болгарияда жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

2021 жылдың 23 қараша 2021 18:54

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еурокомиссия басшысы Урсула вон дер Ляйен Болгарияда жол апатынан қаза тапқандардың отбасына және туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

«Болгарияда кеше түнде болған автобус апатынан қаза тапқандардың отбасы мен достарына қайғыра көңіл айтамын. Сондай-ақ, зардап шеккендердің сауығып кетуін тілеймін. Мұндай қайғылы жағдайда Еуропа сіздермен бірге», - деп жазды У.Ляйен Twitter-де.

Ресми тұлғалардың айтуынша, Болгарияның батысында автобус апатқа ұшырап, кейін өртеніп кеткен. Кем дегенде 45 адам, соның ішінде 12 бала мерт болған.

Оқиға жергілікті уақытпен сағат 02:00-де ел астанасы Софиядан оңтүстік-батысқа қарай Бознек ауылына жақын маңда тасжолда болған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Көлік құралы Солтүстік Македонияда тіркелген. Автобуспен Түркиядан келе жатқан туристерді тасымалдаған. Жеті адам автобустан шығып үлгерген, олар күйік шалып, ауруханаға жеткізілді.


Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Әлем,
Жоғары қарай