Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еурокомиссия басшысы Джо Байденді президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

2020 жылдың 9 қараша 2020 10:45

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық комиссияның төрағасы Урсула фон дер Ляйен АҚШ-тағы президент сайлауының қортындысы бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

« Мен шын жүректен Джо Байден мырзаны АҚШ-тағы президент сайлауындағы жеңісімен құттықтаймын. Онымен мүмкіндігінше тезірек кездесуді асыға күтемін.

Еуропалық Одақ пен Құрама Штаттар - дос әрі одақтас. Біз бірлесе отырып, ортақ тарих пен демократияның, бостандықтың, адам құқықтарының, әлеуметтік әділеттілік пен ашық экономиканың ортақ құндылықтарына негізделген теңдессіз трансатлантикалық серіктестік құрдық. Бұл серіктестік ондаған жылдар бойы ережелерге негізделген либералды халықаралық тәртіптің негізі ретінде қызмет етіп келеді және Атлантиканың екі жағында да тұрақтылық, қауіпсіздік және өркендеу тірегі болып қала береді.

Әлем өзгеріп, жаңа сын-қатерлер мен мүмкіндіктер пайда болған сайын біздің жаңартылған серіктестігіміз ерекше мәнге ие болады.

Еуропалық комиссия бүгінгі таңдағы өзекті мәселелерді шешу үшін жаңа әкімшілікпен және жаңа Конгреспен ынтымақтастықты жандандыруға дайын. COVID-19 пандемиясымен және оның экономикалық, әлеуметтік салдарымен күрес, климаттың өзгеруімен бірлескен күрес, адамдарға пайда әкелетін цифрлық трансформацияны ілгерілету, біздің ортақ қауіпсіздігімізді нығайту, сондай-ақ қағидаларға негізделген көпжақты жүйені реформалау секілді маңызды мәселелерді шешу міндеті тұр», - делінген Урсулы фон дер Ляйен мәлімдемесінде.

Бұған дейін хабарланғандай, Америка Құрама Штаттарында өтіп жатқан президент сайлауында демократиялық партия атынан бақ сынаған Джо Байден жеңіске қажет дауысты жинады.

Еске сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жеткен Джо Байденді құттықтаған болатын.

Авторы: Арнұр Рахымбеков

Басты сөздер: Еуропа, АҚШ,
Жоғары қарай