Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуроодақ сапарға рұқсат етілген мемлекеттер тізімінен алты елді шығарып тастады

2021 жылдың 10 қыркүйек 2021 03:05

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық Одақ Албанияны, Арменияны, Әзірбайжанды, Брунейді, Жапонияны және Сербияны COVID -19 пандемиясы кезінде қосымша саяхатқа рұқсат етілген елдер тізімінен алып тастады. Бұл туралы ЕО Кеңесінің бейсенбі күні таратқан хабарламасында айтылды,деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеңес қосымша сапарларға шектеулер уақытша алынып тасталуы тиіс елдер мен аумақтардың тізімін жаңартты. Атап айтқанда, Армения, Әзірбайжан, Албания, Сербия, Бруней мен Жапония бұл тізімнен шығарылды», - делінген хабарламада.

Осы шешіммен ЕО Кеңесі Уругвайды рұқсат етілген елдер тізіміне қосты.


Жоғары қарай