Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуроодаққа мүше елдер туристерге шекарасын ашпақ

2021 жылдың 19 мамыр 2021 18:28

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропалық одақ вакцина алған туристерге шекарасын ашуға ресми келісті. Бұл туралы Еуропалық комиссияның өкілі Кристиан Виганд брифингіде мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ЕО елшілері Еуропалық одаққа тыс жерлерден келетіндердің сапарларына байланысты өзгертулер енгізуге келісті. Кеңес енді мүше елдерді вакцина алғандар үшін шектеулерді жеңілдетуге шақырады», - деді ол.

Оның айтуынша, ЕО сонымен қатар шекара қатал шектеулерсіз ашық болатын елдер тізімін кеңейтпек. Отырыста мұндай елдерді анықтаудың жаңа критерийлері келісілді.

Ресми түрде бұл шешімді жақын арада ЕО Кеңесі бекітуі керек.

Туристердің вакцина алғандығын растау бойынша мәселені ЕО әр елмен жеке қарастырмақ.

ЕО-ға мүше елдердің шекарасы коронавирус пандемиясы басталған кезден бері маңызды емес сапарлар (яғни, туризм) үшін жабық болған.


Жоғары қарай