Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Еуропа Қытайда тараған коронавирустан қауіптеніп отыр

2020 жылдың 22 қаңтар 2020 21:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуропалық аурлардың алдын алу және бақылау орталығы Қытайда тараған коронавирустың Еуропаға тарау тәуекелін «төменнен» «орташа» деңгейге көтерді.

Аталған орталық мұндай қадамға қытайлық сарапшылардың коронавирустың адамнан адамға жұғатындығын растағаннан кейін барып отыр, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің Брюссельдегі меншікті тілшісі.

«Инфекцияның таралу көзі белгісіз және ол әлі де болса белсенді болуы ықтимал. Осыған байланысты Уханға сапарлап, вирус жұқтырғандармен тығыз байланысты болған адамдардың оны жұқтыру ықималдығы орташа деп есептелінеді», - делінген ұйымның бүгін таратқан ақпаратында.

Еуропаға саяхаттаушылардың вирусты импорттау ықтималдығы Қытайға сапарлардың жиілуімен және Қытай жаңа жылының тойлануымен байланысты болып отыр.

Айта кетерлігі, Еуропалық одақтың үш әуежайына Қытайдың Ухан қаласынан тікелей әуе рейстері келеді. FlightConnections.com ресурсының мәліметіне сәйкес, олар: Лондонның «Хитроу», Париждің «Шарль де Голль» және Римнің «Фьюмичино» әуежайлары.

Осы мәлімдеме таралғаннан кейін-ақ Ұлыбритания билігі Уханнан Лондонға келетін барлық тікелей рейстерге мониторинг жасау шараларын күшейтті. Қытай қаласынан келген ұшақтар Хитроу ұшағындағы оқшауланған ауданда қабылданады. Бұған қоса, әуе кемесінің командирлеріне жолаушылардың ішінен науқастану белгілері анықталғаннан жағдайда ұшақ қонуға 1 сағаттан астам уақыт бұрын хабарлауға кеңес берілді.

Айта кетейік, 15 қаңтарда коронавирусты жұқтырғандар саны 41 адам болатын, көз жұмғандар – екі адам.

Ал 19 қаңтарда ауруға шалдыққандар 200-ге жуықтады, үш адам қайтыс болды.

20 қаңтарда 300-ге жуық адам есепке алынды.

«Осы жылдың 20 қаңтары сағат 24:00-дегі жағдай бойынша, коронавирустың жаңа үлгісіне шалдыққандар саны 291-ге жетті (270 – Уханда, бесеуі – Бейжіңде, 14-і – Гуандунь провинциясында (Оңтүстік Қытай), екеуі – Шанхайда. Қытайдың 14 провинциясында ауру жұқтыруы мүмкін 54 адам бар», - делінген болатын ҚХР ұлттық денсаулық сақтау ісі жөніндегі комиссиясының мәліметінде.

Пневмонияның өршуіне байланысты Қазақстанның аталмыш елмен шекараларында, әуежайларда бақылау күшейтілді.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Фото: NICOLAS ASFOURI/AFP via Getty Images


Перевод Марлан Жиембай
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем, Медицина,
Жоғары қарай