Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Еуропа одағы Кипр қайраңын бұрғылағаны үшін Түркияға шара қолданды

2019 жылдың 16 шілде 2019 14:24 245

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропа одағы Кипрдің айрықша экономикалық аймағында бұрғылау жұмыстарын жүргізгені үшін Түркияға шара қолданды. Бұл туралы кеше кешкісін ЕО Сыртқы істер кеңесінің қорытындыларында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Түркия заңсыз бұрғылау жұмыстарын жүргізгені үшін ЕО Кеңесі Әуе кеңістігі бойынша жан-жақты келісім жөніндегі келіссөзді тоқтатуға шешім қабылдайды. Әрі ЕО мен Түркия арасындағы диалог аясында жоғары деңгейлі басқа да отырыстар өткізбейтін болады», - делінген хабарламада.

Бұдан бөлек, ЕО Еуропа комиссиясы ұсынған Түркияның 2020 жылға қарай Еуропа одағына кіруге дайындалуы үшін берілетін көмек көлемін қысқарту бастамасын мақұлдап, Еуропа инвестиция банкіне Түркиядағы несие қызметін қайта қарауды ұсынды.

Айта кетейік, Түркия одақтың бірнеше мәрте айтқан өтінішіне құлақ аспай, Кипрдің батысындағы қайраңды бұрғылауын тоқтатар емес. 



Автор: Тимур Дүйсекеев

 

Жоғары қарай