Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 388.96
EUR 432.21
RUB 6.09
CNY 54.99

ЕҰУ-да шығыс халықтарының Наурыз мерекесіне орай фестиваль өткізілді

2019 жылдың 5 сәуір 2019 22:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуразия ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде жыл сайын Наурыз мерекесі аясында өтетін дәстүрлі «Шығыс көктемі» фестивалі өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Шара Түркі және Иран халықтарының ұлы Наурыз мерекесіне, сондай-ақ Азия мен Шығыс Еуропаның барлық халықтары үшін маңызы зор көктемнің келуіне арналған.

«Шығыс көктемі» фестивалі Әзербайжан Республикасы, Иран Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Палестина мемлекеті, Ауғанстан Ислам Республикасы, Қырғыз Республикасы елшіліктерінің және мәдени өкілдерінің, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қырғыз және өзбек этномәдени бірлестіктерінің қолдауымен өткізілді. Аталмыш дипломатиялық миссиялар халықаралық қатынастар факультетінде өтетін түрлі іс-шараларға достық пейілдерімен үнемі қолдау көрсетіп, белсене қатысып келеді», делінген хабарламада.



null

Жиын мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбековтің алғысөзімен ашылды.

Одан кейін Араб, Әзербайжан, Иран, Қытай, Түркия, Ауғанстан, Қырғызстанның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері өз лебіздерін білдіріп, қарым-қатынастың даму бағыты туралы әңгімеледі.



null

Шығыстану кафедрасының парсы тобының студенттері «Ейд-е новруз» және «Джоддейе-йек тарафе» әндерін шырқады. Жапон тобы студенттері «Senbonzakura & Tokyo drift» биін билеп және «Go» әнін айтты. Шығыстану кафедраның екінші курс студенттерінің орындауында «Yetalemo amr diab» әні орындалды. Қытай елінің мәдениеті мен өнерін игеріп жүрген Халықаралық факультетінің биші қыздары қытай биімен сахна төрінде өнер көрсетті.




null



null

Корей халқының музыкасы әуезділігі мен сыршылдығы тыңдаған адамның жүрек пернесін шертері анық. Бірінші курс студенттерінің орындауында корей әндерінен поппури орындалды.



null

Араб тобы І және ІІ курс студенттері «Мувашахат» биін биледі. Ал, қытай тобының І курс студенттері тағы бір қытай әнін (神话) шырқады.

Корей тобының ІІІ курс студенттерінің орындауында Корей заманауи биі Blackpink «DDU DU DDU DU» орындалды.



null

Халықаралық қатынастар факультетінде білім алатын жастар оқудан тыс уақыттарындағы өнерге деген құштарлығы мен өз мамандығына деген сүйіспеншілігі мерекелік концертте шырқалған әндер мен билер арқылы дәлелденді.

Шығыс елдерінің мәдениеті және салт-дәстүрімен етене танысқан меймандар дастархан басына жиылып, ұлттық тағамнан және шығыс халықтарының мәзірінен дәм татты.




null

Жоғары қарай