Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Евровидение-2022 финалына өткен қатысушылар белгілі болды

2022 жылдың 13 мамыр 2022 23:13

БРЮССЕЛЬ-РИМ. ҚазАқпарат – Бейсенбі күні кешке Италияның Турин қаласында «Евровидение-2022» ән байқауының екінші жартылай финалы аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі еуропалық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Екінші жартылай финалда 18 қатысушы «Евровидение» финалына соңғы 10 жолдаманы сарапқа салды. Оған Шелдон Райли (Австралия), Надир Рустамли (Әзербайжан), Джереми Макизе (Бельгия), Охман (Польша), WRS (Румыния), Konstrakta (Сербия), The Rasmus (Финляндия), We are domi (Чехия), Корнелия Якобс (Швеция), Стефан (Эстония) ие болды.

Ән байқауының бірінші жартылай финалы 10 мамырда өтті. Нәтижесінде қазіргі «Евровидениенің» басты фавориті – украиналық Kalush Orchestra тобы, армениялық Роза Линн, литвалық Моника Лю, Грекиядан келген Аманда Георгиади Тенфьорд, молдавиялық Zdob si Zdub & Advahov Brothers. ұжымы финалға өтті.

Еуропа хабар тарату одағының (байқауды ұйымдастырушы) бес ірі доноры - Ұлыбритания, Германия, Испания, Италия және Франция финалда біліктіліксіз өнер көрсетеді.

Тікелей эфирді «Евровидение» ресми сайтынан сенбі, 14 мамырда, жалпы Еуропа уақыты бойынша 21.00-де көруге болады.

Жанкүйерлер «Евровидение» ресми қосымшасы арқылы сүйікті әніне дауыс бере алады. Аталған қосымшадан шоу кезінде қалай және қашан дауыс беру керектігі туралы мәліметтер бар.


Басты сөздер: Мәдениет, Еуропа, Өнер,
Жоғары қарай