Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

EXPO-2020 Dubai: Қазақстан павильоны алаңында Шымкент қаласының күндері өтіп жатыр

2021 жылдың 23 қараша 2021 16:13

ДУБАЙ. ҚазАқпарат – 22 қарашада ашылған EXPO-2020 Dubai дүниежүзілік көрмесіндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық павильонында Шымкент қаласының күндері өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шаралар аясында еліміздің ең ірі өңірлерінің бірінің түрлі іскерлік және мәдени шараларын өткізу жоспарланған. Үш күн бойы Қазақстанның оңтүстік өңірінің мәдениеті, өнері, рухани құндылықтары мен қонақжайлылығы таныстырылады.

Ашылу салтанатына Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қала әкімінің орынбасары Айбек Сәттібаев және Шымкент қаласының бизнес-қоғамдастықтарының делегациясы қатысты.




Дүниежүзілік көрме қонақтарына жергілікті тауар өндірушілердің, атап айтқанда, елімізде және шетелде танымал Bal Textile, Akniet Pharmaceuticals компаниясының өнімдері таныстырылып, сондай-ақ «Сандық» ұлттық тағамдар мейрамханасы келгендерге есігін айқара ашты.

Сонымен қатар қонақтарға виртуалды 3D-көзілдірік, туристік AR-кітаптар және имидждік бейнероликтер арқылы Шымкент қаласының туристік мүмкіндіктері көрсетілді.




Іс-шара қорытындысы бойынша әлемнің түрлі елдерінен келген қонақтар мен қатысушылар өңірге жоғары қызығушылық танытып, өңірмен бұдан әрі де қызметтің әртүрлі салаларында халықаралық ынтымақтастық орнатудың даму әлеуетіне тоқталып өткенін атап өткен жөн.


Жоғары қарай