Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Facebook ақпарат индустриясын қолдауға 1 млрд доллар инвестицияламақ

2021 жылдың 25 ақпан 2021 18:22

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Американың Facebook компаниясы алдағы үш жылда ақпарат индустриясын қолдау үшін 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның жаһандық саясат және коммуникациялар жөніндегі вице-президенті Ник Клегтің сәрсенбі күні жариялаған блоктағы мәлімдемесінен белгілі болды, деп жазады ТАСС.

Австралия билігімен даулы жағдайды реттеу туралы түсініктеме берген Клегг Facebook-тің жаңалық таратушы басылымдармен серіктестік қатынастарды ретке келтіруге ниетті екеніне сендірді.

«Сондықтан біз 2018 жылдан бері ақпарат индустриясын қолдауға 600 млн долларды инвестициялап, алдағы үш жылда тағы 1 млрд доллар қаржыны инвестициялауды жоспарлап отырмыз», - деп ақпараттандырды ол.

Facebook вице-президенті америкалық компанияның өткен айда The Guardian, The Daily Telegraph, Financial Times, Daily Mail, Sky News және тағы басқа БАҚ-тардың әлеуметтік желідегі парақшаларында орналастырылған контент үшін төлем жасау бойынша келісім жасалғанын еске салды. Осыған ұқсас келісімдер америкалық ақпарат таратушы басылымдарымен жасалды, сонымен қатар Германия және Франция елдерінің БАҚ-пен белсенді келіссөздер жүргізіліп жатыр.


Басты сөздер: БАҚ, Америка, Интернет, Әлем,
Жоғары қарай