Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Фашизмді жеңуде Қазақстанның қосқан үлесі туралы деректі фильм жарыққа шықты

2020 жылдың 9 мамыр 2020 17:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Респуликасы Президентінің Телерадиокешені әскери-патриоттық тақырыптағы «Тағдыр және тағылымды тарих» атты деректі фильмді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16 минуттық деректі фильмде Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашизмді жеңудегі Қазақстанның қосқан үлесі туралы баяндалады.

Фильмге Брест қамалын қорғаған қазақстандықтардың естелік сұхбаттары мен Қазақстанда құрылған әскери бөлімдердің жауынгерлік әрекеттері туралы тарихшылардың пікір-пайымдары енгізілген. Сонымен бірге деректі фильмнен Халық Қаһарманы Қасым Қайсеновтың архивтегі сұхбаты, Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен ерлігі туралы естеліктерді көруге болады.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Жеңіс күні, Мәдениет,
Жоғары қарай