Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Фейк: Вакцина алған ата-аналардан гибрид балалар туады

2021 жылдың 21 қазан 2021 14:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазнет қолданушылары КВИ қарсы вакциналанған ата-аналардан туылған гибридтер деп аталып кеткен сәбилердің бейнелерін таратуда, деп хабарлайды stopfake.kz сайты.

Балалардың адамдардан өзгеше биологиялық түр өкілдері екендігінің белгісі қара көздер болып табылады. Бұл теорияның неге дұрыс еместігін түсіндіріп өтейік.

Жаңа туған нәрестелердің көзінің түсі әртүрлі болуы мүмкін, сондай-ақ қара көздер жиі кездеседі. Европеоидтық нәсілдің балалары көзі сұр немесе көк түсті болып туады. Азия және экваторлық нәсілге жататын балалардың көздері туғаннан қара болады. Әдетте, балалардың көзінің түсі бірінші жылы өзгереді, бірақ кейде бұл процесс ұзақ уақытқа созылуы мүмкін.

Кейде жаңа туған нәрестенің көздері толығымен қара, ағы жоқ сияқты болып көрінеді. Бұл кейбір нәрестелерде туғанда қабағы ісіп тұратындықтан болатын иллюзия. Көздің ағы жабылып, көздің қарасы ғана көрініп тұрады.
Кейбір жағдайларда нәрестенің көздері қабақтың туа біткен бұлдырлығына байланысты толығымен қара болып көрінуі мүмкін. Желіден осындай аурумен туған нәрестелердің суреттерін көруге болады.

Қазнетте таратылып жатқан «гибрид» балалардың суреттерінің бірінде кеңсірегі көгерген және көзінің ағы қанталаған бала көрсетілген. Бұл ретте видеодағы мәтінде босану қиын болғаны және бала босану каналынан өткенде қысылып қалған, бұл гематомалардың пайда болуына әкелді деп жазылған. Мұндай проблема бүкіл әлемде кездеседі және медициналық әдебиеттерде егжей-тегжейлі сипатталған.

Сондай-ақ, көздің ағының қанталап кетуіне субконьюнктивтік қан кету себеп болуы мүмкін. Бұл сау нәрестелерде жиі кездесетін жағдай. Ол босану кезінде ұсақ тамырлардың жарылуынан орын алады.
Демек, жаңа туған нәрестелердің көзінің қара болуы ерекше жайт емес. Сондай-ақ, видео редакторларда өңделген болуы ықтимал. Толығымен қара көздер – бұл монтаждың нәтижесі.
Айта кетейік, көрсетілген нәрестелердің туған күндері туралы мәліметтер жоқ. Олар пандемия басталғанға дейін дүниеге келуі мүмкін. Сондай-ақ, видеодан осы сәбилердің ата-аналарының вакцинация мәртебесін анықтау мүмкін емес.
Жалпы, бойын жын немесе зұлым рух билеген көздері толығымен қара балалар туралы идея – бұл 90-шы жылдардың ортасында АҚШ-та тараған аңыз. Адамдар жолда немесе өз үйлерінің босағасынан көзі қара балалар мен жасөспірімдерді көргендерін айтқан. Балалар өздерін алып кетуді немесе дәретханаға жіберуін сұраған.

Snopes басылымы 2013 жылы бұл аңызды жоққа шығарды және осы тақырыптағы барлық деректерді зерттей отырып, көздері қара балалар туралы әңгімелер фантастика болып табылады деген қорытындыға келді.
КВИ қарсы вакциналанған адамдардан ерекше немесе «гибрид» балалар туады деген теория дұрыс емес. Бұған дейін Қазнет қолданушылары вакцинацияланған ата-аналардан туған «трансгенді» балалардың бар екенін дәлелдеу үшін қара көзді сау қыздың бейнесін таратқан болатын.

Демек, вакциналанған адамдардың белгілі бір жаңа биологиялық түр өкілдерінің ата-анасы болатындығына ешқандай дәлел жоқ. Нәрестелердің көзінің қара болуы – бұл қалыпты жағдай, медициналық әдебиеттерде бұған дәлелдер көп.


Басты сөздер: Қоғам, Фейк, Коронавирус,
Жоғары қарай