Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Фейк: «Желіде ұшақтар шашатын омикрон штамы бар химикаттың суреті жарияланды»

2022 жылдың 14 қаңтар 2022 07:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мессенджерлерде SARS-CoV-2 вирусының омикрон нұсқасын ұшақтардан әдейі шашатынын дәлелдейтін фотосурет таратылуда. Хабарламаға Omicron жазуы бар қаптардың суреті тіркелген. Ол Чехияда әуежайлардың бірінің ерекше қорғалатын қоймасында түсірілген екен. Мұның барлығы жалған ақпарат, деп хабарлайды stopfake.kz.

Бұл фотосуреттің COVID-19 пандемиясына, SARS-CoV-2 коронавирусына және оның нұсқаларына ешқандай қатысы жоқ. Суретте көрсетілген қаптардағы зат – италиялық Omicron компаниясы шығаратын полипропилен қоспасы.
Кәсіпорын өнеркәсіпте қолданылатын полипропилен және полиамид қоспаларын шығарады. Атап айтқанда, олар пластикалық құбырлар, тұрмыстық бұйымдар, жиһаз, кеңсе жабдықтары және т.б. заттар өндірісінде қолданылады. Компания медициналық бұйымдар мен дәрі-дәрмектер шығармайды.
Omicron компаниясы нарықта 45 жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеді және оның COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ.
Адамдарды улау үшін ұшақтар түрлі химикаттар шашатыны туралы теория химтрейлдер теориясы деп аталады және конспирологиялық болып табылады. Бұл туралы біз жазған болатынбыз.
Мүлдем дәлелденбегеніне қарамастан, ол 2021 жылы қазақстандықтар арасында ең көп тараған конспирологиялық теориялардың бірі болып табылады.


Басты сөздер: Фейк, Коронавирус,
Жоғары қарай