Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Филиппинде жанартаудың атқылау салдарынан 14 қала жабылды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 14:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тааль жанартауының атқылауына байланысты жергілікті тұрғындар үшін Филиппиннің Батангас провинциясында жабылып қалған қалалардың саны 14-ке дейін өсті, деп хабарлайды ABS-CBN телеарнасы.

Бұған дейін Филипиннің төрт қаласының жабылғанын хабарланған болатын.

Жергілікті табиғи апаттардың салдарын басқару және азайту жөніндегі жергілікті басқарма басшысы Лито Кастроның айтуынша, жұма күні 14 шақырым радиустағы қауіпті аймақта тұратын барлық жергілікті тұрғынға үйлеріне оралуға тыйым салынған. Кастро жұма күнгі мәлімет бойынша 66 мыңнан астам адам 283 эвакуациялық орталыққа жайғастырылғанын атап өтті.

Еске сала кетейік, өткен жексенбі күні Тааль жанартауы оянып, бір шақырым биіктікке күл атқылады.

Жанартаудың атқылауы салдарынан Филиппин билігі Батангес провинциясындағы үш елді мекеніндегі 80 мыңнан астам адамды эвакуациялауға кіріскен болатын
Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай