Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Финляндияда жануарларға арналған коронавирус вакцинасы әзірленіп жатыр

2021 жылдың 13 қаңтар 2021 01:27

ХЕЛЬСИНКИ. ҚазАқпарат – Финляндия ғалымдары жанат, құндыз тәрізді жануарларды коронавирус жұқтырудан қорғайтын вакцина әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com-ға сілтеме жасап.

Финляндиның Fifur терісі бағалы аң өсірушілер бірлестігі Хельсинки университетінің зерттеу тобымен бірлесіп жаңа препарат әзірлеп жатыр.

Топ жетекшісі, доцент Тарьи Сироненнің айтуынша, вирус адам денсаулығына ғана қауіпті емес, сондықтан оның ауылшаруашылығы жануарлары арасында таралуын жедел әрі тиімді тоқтату керек. Оның ішінде Финляндиядағы аңдар, терісі бағалы хайуанаттар да бар.

Финляндия медиакомпаниясы YLE-нің мәліметінше, вакцинаны тестілеу кезеңі бірнеше айға созылуы мүмкін.

Айта кетерлігі, Еуропа елдері Дания мен Нидерландыға қарағанда Финляндиядағы терісі бағалы аң бағылатын фермаларда SARS-CoV-2 коронавирусының жұғуы тіркелмеген.


Автор Жәнібек Амангелді
Басты сөздер: Әлем, Еуропа, Вакцина,
Жоғары қарай