Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Фируза Шәріпова абсолютті әлем чемпионымен жекпе-жек өткізеді

2021 жылдың 15 қараша 2021 21:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Фируза Шәріпова 11 желтоқсанда жеңіл салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Кэти Тэйлорға қарсы айқас өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіби боксы» парақшасына сілтеме жасап.

Шоу Ливерпульде өтеді, оны DAZN Қазақстан уақытымен желтоқсанның 12-сі күні түнде тікелей эфирден көрсетеді.

Шәріпова WBA рейтингінде бірінші орында тұр. Сондықтан бұл айқасты өткізуге міндетті.

Фируза – кәсіби бокста барлық титул үшін жұдырықтасатын алғашқы қазақстандық.

Кэти Тэйлор – әйелдер боксында аты аңызға айналған спортшы, Лондондағы Олимпиада чемпионы және кәсіби бокста жеңіліп көрмеген.


Басты сөздер: Спорт, Бокс, Қоғам,
Жоғары қарай