Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Флоридада коронавирус жұқтырудың тәуліктік рекорды тіркелді

2020 жылдың 13 шілде 2020 17:45

ТАЛЛАХАССИ. ҚазАқпарат – АҚШ-тың Флорида штатында бір тәулікте коронавирус жұқтырған 15 299 адам тіркелді. Бұл рекордтық көрсеткіш, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNN арнасына сілтеме жасап.

Бұл бірнеше миллион тұрғыны бар елде соңғы 24 сағатта тіркелген COVID-19 жұқтыру оқиғасының төрттен бірі. АҚШ тұрғындарының 7%-ы қоныстанған Флорида бұған дейін Калифорния штатында тіркелген антирекордты жаңартты. Сонымен қатар, штатта өткен тәулікте 45 адам коронавирустан көз жұмды. Карантин шаралары мамырда алынған штатта туристер ағыны мен қарт адамдардың көптігі жаңа вирустың тәуліктің өсімінің күрт көбейіп кетуіне себеп болды.

Флоридамен қатар, Техас, Джорджия және Аризона штаттарында да коронавирусқа шалдыққандар саны бірден артқан. Көптеген штат бар, спорт залдары, шаштараз бен басқа да мекемелерді ашқаннан соң 2 айдан кейін вирус жұқтыру оқиғалары көбейе бастады. Елде орта есеппен күніне 60 000 адам инфекцияға шалдығады.

Қарқынды терапия бөлімінің толып қалғаны, медицина қызметкерлеріне арналған қорғаныс құралдары мен Covid-19-дың бар-жоғын анықтайтын тест жетіспеушілігі мәселелері туралы айтылуда.

Кей штат губернаторлары мен америкалық қалалардың мэрлері карантиннен шығуды тоқтатып немесе кешеуілдетіп жатыр. Пандемиядан болған экономикалық және әлеуметтік залал ұзаққа созылуы мүмкін. Кейінгі мәлімет бойынша, мыңдаған америкалық азамат жұмыссыз қалуы мүмкін.


Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай