Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 435.54
EUR 473.08
RUB 5.76
CNY 61.64

«Формула-1» екі дүркін чемпионы «Дакарда»  апатқа ұшырады

2020 жылдың 15 қаңтар 2020 16:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Формула-1» екі дүркін чемпионы испандық Фернандо Алонсо Сауд Арабиясында өтіп жатқан «Дакар» ралли-марафонының 10-кезеңінде апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алонсо арнайы учаскенің 87-ші шақырымында дөңнен сәтсіз түсті, испандықтың автокөлігі екі рет аударылды.

Айта кетейік, бұл «Дакардағы» оның дебюті еді. Алонсо мен штурманы испандық Марк Кома зардап шеккен жоқ, ал көліктің алдыңғы әйнегі зақымданған. Motorsport.com порталының хабарлауынша, экипаж жарысты әйнексіз жалғастырып, содан кейін техникалық көмек көлігін күту үшін тоқтаған, кейін қайтадан қозғалысты жалғастыра берген. Айналымның бірінші бақылау нүктесінде Алонсо көшбасшыдан 1 сағат 8 минут 16 секундқа қалып қойды.

фото: championat.com
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай